EduStream легі

Ата-ананың назарына!

Әлеуметтік желіде 3 сыныпқа арналған ағылшын тілінің Smiles оқулығының контрафактілік өнімі көрсетілген видео жарияланды. Осыған орай Express Publishing баспасы барлық өнімін тауардың сапасына жауап беретін қазақстандық және шетелдік ірі әрі беделді баспаларда ғана шығаратынын хабарлайды.

Нарықта сапасыз материалдан шығарылған, тез жыртылатын жалған Smiles оқулығы көп екенін білген абзал. Express Publishing баспасы мектепке арналған ағылшын тілінің 1-4 сыныптың Smiles, 5-9 сыныптың Excel, 10-11 сыныптың Aspect және Action оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) тек өндірушінің өзінен – Қазақстандағы Express Publishing компаниясынан алуды өтінеді. Егер Express Publishing баспасының түпнұсқадағы Smiles, Excel, Aspect және Action оқулықтарынан ақау не басқа жарамсыздық анықталса, ОӘК жаңасына ауыстырып береміз.


Баспаның ресми дилерінен сатып алынбаған контрафактілік өнімге Express Publishing жауап бермейді.


Ата-анадан өтініп сұрайтынымыз, жалған Smiles, Excel, Aspect және Action оқу-әдістемелік кешенін анықтасаңыз, бізге хабарлаңыз.

Сіз бізбен мына телефон арқылы байланыса аласыз: +7 747 094 18 85
EduStream жаңалықтары Оқиғалар Жаңа