EduStream легі

Qazaqstan.tv арнасында "400-ге жуық ұстаз ағылшын тілін жетілдіруде" атты мақала шықты.


Qazaqstan.tv арнасында «400-ге жуық ұстаз ағылшын тілін жетілдіруде» атты мақала шықты.
Ауыл оқушыларының ағылшын деңгейі қала балаларыныкінен оза бастады. VI республикалық «EDU Stream Juldyzdary» конкурсының бас жүлдесін биыл аралдық оқушы жеңіп алды (ред. «10−11 сынып оқушылары» санатында бас жүлде — Жаңабай Нұраян, Арал ауданы, Қызылорда облысы). Үш кезеңнен тұратын байқау бір жыл бойы жүрді. Оған оқушылар ғана емес, ағылшын, француз, орыс тілдері мен химия, физика пәндерін ағылшынша оқытатын ұстаздар да қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жалпы мұндай конкурс 2016 жылдан бері ұйымдастырлып келеді. Әрі Edu stream содан бері еліміздің түкпір-түкпірінен 12 мыңға жуық педогогтың біліктілігін арттыруға септігін тигізген. Биыл да бұл дәстүрден жаңылмаған орталық 400-ге жуық мұғалімді шетелдік мамандардың сабағына жинаған.
Манат Еркінқызы, EDU Stream орталығының әдістемелік бөлімінің басшысы:
  • Шетелден жаңағы эксперттерді шақырдық. Шетелдік кітаптардың авторларын шақырттық. Яғни бұл кітапты жазған автор мұғалімдерге өздері қалай жұмыс істеу керек, қалай заманауи технологияларды қолдану керек, қандай инновациялық әдістерді қолдану керек. Қалай соны балаларға жеткізу керек деген тұрғыда көмек көрсетеді.


«EDU Stream JULDYZDARY» атанған жеңімпаздардың толық тізімдерін сілтеме бойынша көре аласыз.


Бізбен байланыс:
Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 104
Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел, 23 (Янтарный ТК)
тел: +7 747 094 18 85
Бізге жазыңыз:
telegram-ға
немесе Whatsapp
EduStream БАҚ-та EduStream жаңалықтары Оқиғалар Жаңа